«Қазақша сөйлесейік!» клубы ПДД (ЕНУ)
08:53
Қос диплом бағдарламасы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 1 курс студенттері үшін «Қазақша сөйлесейік!» клубының сабақтары басталды.
Клубтың мақсаты – студенттердің шетелдік білім алушы ретінде қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті тұрмыста қолдануына жағдай жасау;
- олардың сөздік қорын толықтырып, жаңа сөздерді меңгеруіне ықпал ету;
- күнделікті ортада тілдік қатысымның болуына назар аудару;
- лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін түсінуіне жағдай жасау;
- студенттердің қазақша сөйлеу және жазу мәдениетінің дамуына көмектесу.
Күтілетін нәтижелер – студенттер достық қарым-қатынасты сақтай отыра, тілдік білімдерін шыңдай алады;
- әр түрлі жағдаятқа қатысты қазақша сөйлеу тілін дамытады;
- бейнероликтер мен мультимедяилық бағдарлама, арнайы тіл жаттығулары арқылы өз ойын еркін жеткізіп, сұхбаттасуына мүмкіндік туады;
- күнделікті тілдесім барысында қазақ елінің мәдениеті мен тарихы, әдебиеті және салт-дәстүрі туралы ақпараттармен толығырақ танысады.
- арнайы лексика-грамматикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы тілдік ортаға бейімделеді.
275 08:53 05-04-2023